Бағдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


Психологиялық-педагогикалық практиканың тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет13/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#12690
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
психологиялық-педагогикалық практика ПМНО

Психологиялық-педагогикалық практиканың тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырма. Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарды құру
Психологиялық-педагогикалық практикасын жоспарлау студенттердің нақты нәтижеге жетуіне, кездейсоқтық жағдайлардың болмауына көмектеседі, практиканың бағыттылығын арттырады. Сондықтан жоспарлау болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық практикасының ұйымдастырылуындағы, өтілуіндегі маңызды этапы болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарды құру барысында студенттер мектептегі бірінші күннен бастап өзінің іс-әрекетін жоспарлауға үйрене бастайды.

Жеке күнтізбелік жоспарда психологиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлері көрсетілуі тиіс. Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспар бастауыш сынып мұғалімінің келісімі бойынша құрастырылады және топ жетекшісімен бекітіледі.

Тапсырма мақсаты: студенттерді психологиялық-педагогикалық практикасы кезінде мектептегі өз жұмыстарын жоспарлауға үйрету.

Тапсырманы орындау. Нұсқау ретіндегі төмендегідей жоспар ұсынылады:

Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы күнтізбелік жоспар


Практикант-студенттің аты-жөні_________________________________

Оқу орны___________________________________________________

Тобы ________________________________________________________

Курс ________________________________________________________




Күн, апта

Тапсырма мазмұны

Орындалуы




Психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша тағайындау конференциясына қатысу, мектепке бару, бастауыш сынып мұғалімімен және оқушылармен танысу.







Психологиялық-педагогикалық практикасының өтілуі туралы жеке күнтізбелік жоспарын құру, мұғалімнің келісімін алу, топ жетекшісіне бекіттіру.







Мектеп әкімшілігімен, бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесу, мектептің оқу ұжымымен, бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу.







Мұғалімнің кіші мектеп оқушылар тұлғасын оқып-үйренуде оқу зерттеулердің қай әдістерін қолданатынын анықтау.







Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты қалыптастырудағы мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысымен танысу.







Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау.







Оқушылардың жеке құжаттарының, сынып журналының мазмұнын және құрылымымен танысу.







Бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын оқып-үйрену мақсатымен сабақтарға қатысу және сабақтан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысу.







Психологиялық-педагогикалық практикасының қорғауына және қорытынды конференцияға қатысу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет