2-тапсырма. Мектептің оқу ұжымының іс-әрекетімен,
бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу
Тапсырма мақсаты: практикант-студенттердің мектеп ұжымының оқу іс-әрекетімен және сынып ұжымымен таныстыру.
Тапсырманы орындау. Тапсырманы орындау барысында төмендегі сұрақтарға мән беру керек:
Мектептің бастауыш сыныптарында неше мұғалім жұмыс істейді? Олардың жас ерекшелік құрамы, білімдері, санаттары қандай?
Бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасы қандалықты бағаланады?
Қандай көрнекілік құралдар типтік болып табылады? Қайсыларын мұғалім өзі дайындаған?
Сыныптың құрамы қандай? Қыз бала неше, ер бала неше?
Кіші мектеп оқушылары оқу үлгерімдеріне сәйкес деңгейлерге бөлінеді ме?
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие деңгейі қандай?
Бастауыш мектептің қандай мәселелері бастауыш сынып мұғалімдерімен сәтті шешілген?
Достарыңызбен бөлісу: |