Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сипаттаңыз



бет22/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

17. Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сипаттаңыз.
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критериймен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы дәптеріне жазып алады. Әрі қарай мұғалім қосымша сұрақтар қойғаны дұрыс.(Сен осы мәселе туралы не ойлайсың? Өз тобыңның осы мәселені қаншалықты дәрежеде талдағандыңы туралы айтып бере аласың ба?) Егер білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін ( Сіз қазір не істеп жатырсыз? Сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады? Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?). Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға: жаңа идеяны тұжырымдауды; екі(одан да көп) идеяларды салыстыруды; идеяларды бағалауды; топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады. Кейде оқушы талдау арқылы тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн. Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы қажет. Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін мұғалім өз мақсатына жетуге талпынатынын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мұмкіндік береді. Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады. Қалыптастырушы бағалаудың өзге түрлеріндегідей бұл жағдайда да оқушылар жетістік критерийлерімен алдын-ала таныстырылуы керек. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырғанда тиімді. Кей жағдайларда оқушылар жобаның соңына қарай белгілі бір оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады. Өзге оқу мақсаттары оқушылардың өздеріне берілген кері байланыстарға сәйкес жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай оқу мақсатарын бір сабақ барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз мақсатын жеке түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. Кейінгі сабақтарда мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақыап отырады. Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. Бұл көлемді әрекет түрлерінің оқу барысында маңызы өте жоғары. Сол әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау кқрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет