Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Оқушылардың танымдық құзыреттілігін жетілдіруде критериалды бағалаудың маңызы



бет23/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

18. Оқушылардың танымдық құзыреттілігін жетілдіруде критериалды бағалаудың маңызы
Қазіргі мектептің міндеті – оқушының бүкіл оқу-тәрбие жұмысының ортасы болуына қол жеткізу. Ол үшін іс-әрекет амалы, тұлғаға бағытталған амалды ізгілендіру, ынтымақтастық идеяларына сәйкес педагогикалық үдерістің қайта құрылуына негізделген әрбір оқушының әлеуетін барынша дамытуды қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың табыстылығының деңгейі жаңа білімдерді дербес алуға дайындығы мен қабілеттілігімен өлшенуі және бағалануы керек. Ал бұл мектептегі бүкіл оқу-танымдық үдеріс дербес іс-әрекетке дайындық пен қабілеттіліктікті қалыптастыруға бағыттау қажет. Критериалды бағалау технологиясы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ шығармашылық, сыни ойлауды, көңіл бөлуді, оқуды ынталандыруды, дүниетанымын қалыптастыру деңгейіне де ықпал етеді. Критерийлерді бағалау сұрағын қарастырғанда оқушылардың жоғарыда сипатталған ерекшеліктерін «әлеуметтік келісімшарт» деп аталатын жағдаймен байланыстыруға болады, ол білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығын бағалау үдерісі жүзеге асырылатын критерийлермен таныстырудан және жиі бірлесіп жасаудан тұрады. Мұндай жағдайда, оқушылар өзі мен ересектер арасындағы белгілі бір теңдікті сезінеді, ақпараттарды да меңгереді, одан ештеңені жасырмайды, оған қандай сыйақы төленетінін және қай уақытта мақұлдау алатындығын біледі.
Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып мотивациялық бағыттылықты зерттеу табылады, себебі мотивация ынталандырушы, бағыттаушы және мағына қалыптастырушы қызметтерді орындайды. Оқушылардың зияткерлік іс-әрекетінде жеке ерекшеліктері күшейеді, олар болса зияткерлік белсенділіктің дамуымен, тапсырмаларды орындаудағы шығармашылық және тәуелсіз шешімдер қабылдаумен байланысты. Бұл уақытта ұғымдарға сүйенетін сыни және теориялық ойлау белсенді түрде қалыптасады, гипотикалық-дедуктивті үдерістер дамып, кешенді тұжырымдарды жасауға, оларды болжауға және оларды сынауға мүмкіндік туады. Рефлексиялық іс-әрекетке деген қабілеттіліктің дамуына әкелетін ойлаудың қалыптасуы жасөспірімнің өзі туралы ойлануына, яғни осы диссертациялық зерттеудегі критериалды бағалау технологиясының ажырамас бөлігі болып табылатын өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігінің бөлігі болып табылатын және олардың бағалау қызметіне әсер ететін маңызды ойлау үрдісі назар болып табылады, яғни кез-келген объектілерді, құбылыстарды, кез-келген іс-әрекеттерді мақсатты түрде орындау барысында қабылдауға психикалық іс-әрекеттің бағытталуы. Әдетте назар аудару бірнеше параметрлермен сипатталады: көлемі, таралуы, концентрациясы, тұрақтылығы және ауысуы. Назарды шоғырландыру бір нысанға немесе үдеріске жинақталу, шоғырлану деңгейі ретінде анықталады. Білім алушының назарын жоғары деңгейде шоғырландыру қабілеті болған жағдайда өзге тітіркендіргіштер арқылы іс-әрекет пәнінен алаңдату мүмкін емес, ол өзектілігін уақытша жоғалтады және өзіне назар аудармайды. Шоғырландыру және назар аудару қабілеті ерікті күш-жігер арқылы жүзеге асады, табысты мақсатты қызмет үшін алғышарт болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет