Байланысты: Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)
4. Блум таксономиясы және бағалау критерийлері (блум танымдық саласының алты деңгейі) туралы деңгейлерді сипаттаңыз.
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейі «мен» дағдыларының қалыптасуы туралы деректер жинау үшін әр түрлі бағалау әдістері мен техникаларды біліктілікпен қолдана білуі қажет. Қалыптастырушы бағалау арқылы біліктілікпен жинақталған деректер деңгейлеп оқытуды іске асыруға, яғни әр оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескруге ықпал етеді. Осы реттер Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттары көмектеседі. Блум таксономиясы 1956 жылы Бенджамин Блумның төр-ағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңнен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларлы оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын.
Танымдық (когнитивті) сала - "білемін". Бұл білім, түсіну және сыни ойлау. Когнитивті салаға білім алу процесімен байланысты барлық нәрсе жатады: жаңа фактілер мен идеяларды есте сақтаудан алынған ақпарат арқылы проблемаларды шешуге дейін.
Эмоционалдық (аффективті) сала - "сезінемін". Бұл сала сезімдер мен эмоцияларға байланысты. Аффективті саланың басты мақсаты-қоршаған әлем құбылыстарына эмоционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру. Мұнда адам түрлі жағдайларға, оның құндылықтарына, мүдделері мен бейімділігіне қалай жауап береді.
Психомоторлық сала — "жаса". Психомоторлық мақсаттар практикалық дағдылардың дамуымен және түрлі құралдарды қолдана білумен байланысты.
Барлық салалар арасында когнитивті облысқа көп көңіл бөлінді. Дәл осы жерде Блум иерархиялық тәртіпте орналасқан оқу мақсаттарының алты деңгейін бөлді. Әрбір деңгей ойлаудың белгілі бір дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей шоғырландыру үшін педагогтерді ынталандыру. Алайда, оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады.
Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе – төмен тәртіптегі мақсаттың дағдыларын алға таратуға ұмтылады. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен көздейтін алты кезеңді қамтиды.
1. Білу. Бірінші деңгей алынған ақпаратты есте сақтау және алған ақпаратты білуден басталады. Оқушы негізгі терминдерді, нақты фактілерді, ережелерді біледі және оларды қайталай алады. Бірінші деңгейде пән туралы жалпы түсінік қалыптасады.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: анықтау, атау, есте сақтау, орналастыру, тізімдеу, үйрену, табу, көрсету, жазу, таңдау.
2. Түсіну. Екінші кезеңде түсіну және сезіну жүреді. Бұл кезеңді игерудің басты көрсеткіші-материалды өз сөздерімен жеткізе білу. Оқушы ережелер мен қағидаларды біледі және түсінеді, фактілер мен құбылыстарды түсіндіре алады және графиктер мен диаграммаларды түзете алады.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: анықтау, түсіндіру, сипаттау, талдау, салыстыру, жинақтау, сәйкестендіру, есептеу, мысал келтіру, өз сөзімен айту.
3. Қолдану. Үшінші кезеңнің мақсаты-алған білімдерін нақты жағдайларда пайдалануды үйрену. Оқушы тәжірибелік тапсырмаларды жаңа ережелер, формулалар мен заңдар көмегімен шешеді.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: шешу, бөлу, көрсету, түсіндіру, қолдану, есептеу, зерттеу, эксперимент жүргізу, табу, таңдау.
4. Талдау. Төртінші деңгейде оқушының мақсаты-материалдың құрылымын түсіну және оны байланысты бөліктерге бөле білу. Оқушы деректерді құру принципін көреді және логикалық қателерді таба алады.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: талдау, бөлу, салу, анықтау, түсіндіру, ретке келтіру, ойлап табу, құру, қарсы қою, бөлу, қорытынды жасауға.