Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет6/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

Критериалды бағалау қағидалар: Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау. Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі. Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек. Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек. Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады. Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек. Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.

Критериалды бағалау талаптары: Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.



Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы: Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады; Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады; Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар; Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет