3. Бағалау нормативтері туралы ұғымды (баға беру, бағалау, тұлғалық қасиет пен құзыреттілік, формативті, суммативті, дескрипторлы бағалау) баяндаңыз. Баға беру - бағалаудың нəтижесі, яғни сапалы кері байланыс. Баға –символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. Өзіне баға беру - адамның өз қасиеттеріне, абыройына, кемшіліктеріне баға беруі.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалау маңызды орын алатындығы. Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты қойылғандығы. Критериалды бағалау алдын ала белгілі критерийлерге сəйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сəйкес күтілетін нəтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау екендігі. Критериалды бағалау мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай келетіндігі. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде іске асырылатын процесс екендігі.
Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығында тиімді. Топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нəтижелігіне, оқушылардың өзара бағалау арқылы пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін жеткізуіне жетелейтіндігі. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын анықтау қажеттігі. Бағалаудың критериалды формативті (қалыптастырушы),суммативті (жиынтық), дескрипторлы (сөзбен баяндау) түрлері. Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау(формативтік)-ОүБ бұл білім алушлар өздерінің оқудығ қандай сатысында тұрғаның қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалау (суммативті) – тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызжы мәні бар тестілеу оқыту үдерісінде керіс әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.
Дескрипторлар – оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белігілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады. Дескриптор (descriptor-опиатель) – сипаттауыш деген мағынаны береді.
Көрсетілген критерийлерге тапсырма түріне байланысты дескрипторлар ауысып отырады. Дескриптор бойынша оқушының білімі пайыздық көрсеткішпен аңықталып, 5 баллдық баға жүйесімен бағаланады.