Іс-әрекетті зерттеу: социограмма. Социометрия - кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Якоб Мореномен алғашқы рет қолданылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңбектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады. Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады.
40. Бірлескен және топтық жұмыс. Топтық жұмыс жүргізу әдістемесін талдаңыз. “Ынтымақтастық” және ” бірлескен” оқу деген не?” Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия . Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы, арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Бірлескен оқудың мәні.Ынтымақтастық оқут - бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл: проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқуда қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары: 1.Оқу оқушылардың ақпаратты игеретін және өздері игеретін мәліметті бұған дейін білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады 2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеу және қорытуын талап етеді. 3.Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады. 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезінде әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5.Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. 6.Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары:Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар бәрінен хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып,өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар:1)Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану 2)Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу 3)Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу 4)Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту. Топта жұмыс істеу ережелері.Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет.Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет. Топты ұйымдастыру ережелері.
Топтар түрлі тәсілдермен құрылады:
А) Кездейсоқ іріктеліп алынған топтар
Б) Жекелеген мүшелердің нақты мықты қасиеттеріне қарай құрылатын топтар
Ережелер: 1.Өзгенің пікірін тыңдау, көзқарасын сыйлау 2. Сабақта телефонды сөндіру 3. Идеялар айту, өз пікірін қорғай білу 4.Кезекпен сөйлесу 5.Уақытты үнемдеу 6.Тапсырманы ұжыммен талқылау, бір тоқтамға келу 7. Тәртіп сақтау.
Топтар
1)Шағын топ: 4-6 оқушыдан тұратын топ.
Топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. Топ мүшелерінің кейбіреуі үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін
2) Үлкен топ: 7-10 оқушыдан тұратын топ.
Мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.
Топ мүшелері көп болған сайын ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым –қатынас, сөз сөйлеу қиындайды.
3) Жұптық жұмыс: жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде, құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді