Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет44/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

Топ мүшелері: Куратор-топты басқарады. Спикер-жобаны қорғайтын оқушы. Хатшы –жазба жұмыстарын орындайды. Суретші-топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші. Тайм менеджер - жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырады.
Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары: Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады; Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады; Жұмыс атмосферасын қалыптастыру; Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады; Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады; Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады; Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді.
41. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау үдерісіне түсінік беріңіз
Бағалаудың негізгі мақсаты – ол оқушыларға өзінше оқу, өзінше жүйелеу, өзінше реттеу, өз-өздерін бағалауға мүмкіндік беру. Бағалаудың ең басты бағыты – білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру. Бағалаудың маңызды бөлімі -баланың конвергентті ойынан арылдырып дивергентті ойлау әсерін ескеру. Бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау: Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау: Белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады. Бағалау үдерісінің мақсаты: Оқудағы қиындықтарды анықтау; Жетісіткке жеткендігін көрсететін кері байланыс; Уаж. Кері байланыс көбіне уәж түрінде көрінеді, ынталандыру; Болжау және сұрыптау; Стандарттарды бақылау және орындау; Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Бағалаудың мәні: Қадағалау; Алынған мәліметтерді интерпретациясы; Бұдан әрі іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды. Қадағалауды өткізу - оқушылар нені білетіндігін, нені істей алатындығын және қандай қиындықтарға кездесуі мүмкін екенін анықтау.оқушының сұрақтарға берілген жауаптары бақылану керек. Қызығушылық туғызатын мәселелерге ерекше дағдылар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады. Мәліметтерді интерпитациялау нәтижесінде қорытынды жасалады,бағалауды көздейді. Қорытынды бағалау үдерісі- жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептегі білім сапасына , болашағына ықпал ететін үдеріс. Жиынтық бағалау үш критерий бойынша бағаланады «білім», «практика», «рефлексия».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет