64. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау үдерісіне түсінік беріңіз. Бағалаудың негізгі мақсаты – ол оқушыларға өзінше оқу, өзінше жүйелеу, өзінше реттеу, өз-өздерін бағалауға мүмкіндік беру. Бағалаудың ең басты бағыты – білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру. Бағалаудың маңызды бөлімі -баланың конвергентті ойынан арылдырып дивергентті ойлау әсерін ескеру . Бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау: Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау: Белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.
Бағалау үдерісінің мақсаты: Оқудағы қиындықтарды анықтау;Жетісіткке жеткендігін көрсететін кері байланыс;Уаж. Кері байланыс көбіне уәж түрінде көрінеді, ынталандыру;Болжау және сұрыптау;Стандарттарды бақылау және орындау;Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.
Бағалаудың мәні:Қадағалау; Алынған мәліметтерді интерпретациясы; Бұдан әрі іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Бағалаудың 6 қағидасы: 1-ші қағида: “МАҢЫЗДЫЛЫҚ”.Бағалау үшін пәннің ең маңызды, күтілетін нәтижені таңдап алу қажет.2-ші қағида: “ДӘЛДІК”.(адекваттық) Оқушылардың қажетті білім, білік дағды, құндылықтарды қандай деңгейде менгергендігін көрсететін бағалау.3-ші қағида: “ОБЪЕКТИВТІК” Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау- көп жағдайда субъективтік процесс.4-ші қағида: “ОҚУДЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ”.Бағалау мен үйрету – бір тұтас процесс. Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген ба? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе?5-ші қағида: “ЖАРИЯЛЫЛЫҚ” Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.6-шы қағида: “ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ”бағалау процесі мен оның формалары қолданысқа қарапайым және ыңғайлы болу тиіс. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемдігін туғызбауы керек.