60. Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Ойлау бутерброды әдісін айтыңыз. Сын тұрғысынан ойлау— шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері. Осы технологияның мақсаты - адамның ойлау дағдыларын, оқуда немесе жұмыста ғана емес тұрмыстық өмірде де (толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту. Ойлау бутерброды.Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз! 1-қадам: Дайындалыңыз.Мыналарға уақыт бөліңіз:Санаңызды таза ұстаңыз.Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға елестетіңізЖаңа тапсырмаға кірісіңіз. 2-қадам:Мыналармен байланыс орнатыңыз:Өзіңіз білетін басқа заттармен;Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен. 3-қадам: Өзіңізден сұраңыз:Не жақсы шықты?Не қиындық тудырды?Нені жақсартуға болады
61. Оқудағы кедергілерді анықтау жолдарын айтыңыз. Оқушы алдындағы кедергілерді анықтау. Жалпы оқушылар алдындағы кедергілерді сыртқы және ішкі деп екіге бөлуге болады. Сыртқы кедергіні әлеуметтік (тұрмыстық жағдайы нашар) және физологиялық (денсаулығы нашар) деп бөлуге болады. Ал ішкі кедергі танымдық кедергі оған өзіне сенімсіздігін, өштік, агрессия т.б. жатқызуға болады. Бұл кедергі арта түседі егер: Өзіңізді үйренушілерден тысқары ұстасаңыз. Үйренушілерді белсенді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырсаңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз үйренушілер үшін міндетті тұрде қажет болады деген ойыңыз бен пікіріңіз болса. Үйренушілерге сын айту, олардың кемшіліктерін бетіне бассаңыз. Үйренушілер сіз қойған сұраққа жауап бере алмай, өздерін дым білмес ақымақ ретінде сезінсе. Бұл кедергі кеми түседі егер: Егер мұғалім оқушыны құрметтейтінін байқатса. Қабілетіне сай тапсырма берсе. Топтық ойындар кезінде оны көшбасшы етсе. Орынды мақтаса. Оқушы қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін жазаламай, қатенің үйренуде алатын маңызды роліне назар аударып «ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қатесіз біз үйрене алмаймыз- жасасын қате!» деп, жіберген қателерді талдап, дұрыс қорытында шығару арқылы, оларды болашақта қайталамауды жолдарын көрсетсе. Оқытудағы маңызды проблема - қарым-қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына байланысты көптеген ойлар ежелден сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала. Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу әрекетіндегі маңызы жайлы ресейлік ғалымдар терең зерттеген: Н.В.Кузьмина, А.А.Леонтьев, А.К.Маркова, В.А.Кан-Калик, Е.В. Цуканова, В.В.Рыжов, Л.А.Поварницына.