Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтарды сипаттаңыз



бет91/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

92. Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтарды сипаттаңыз.
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды іске асыру құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде мінезқұлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді.
Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.

93. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
Білім сапасы – бұл кешенді түсінік, ол қызмет түрінің тиімділігін, яғни 5 білім беру стратегиясын әзірлеу, оқыту процесін ұйымдастыру және т.б әрекеттерді жан жақты сипаттайды. Білім сапасы білім беру процесінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнына; мұғалімдердің шеберлік деңгейі мен қызметтің ұйымдастырылуына; білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жағдайы мен оқу процесінің ғылыми-ақпараттық базасының деңгейіне байланысты болады. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне мыналар жатады: білім беру үдерісінің негізгі шарттары, білім беру үдерісін басқару, ғылымиәдістемелік жұмыстар, маманмен қамтамасыз ету, оқушылардың психикалықсоматикалық денсаулығы, мектепке дейінгі білім беру, педагогикалық еңбекті ынталандыру, білім беру үдерісін жүзеге асыру және қаржыландыру, оқыту, оқу; білім беру үдерісінің нәтижелері: білім, дағды, шығармашылық жұмыстың шараларын игеру, тұлғаның тәрбиелілігі және дамуы. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттерін қамтитын білім беру сәйкестігі: оқушылардың білімдік қажеттілігіне, ата-аналардың білімдік сұранысына, қоғамдық институттардың қажеттіліктеріне, мемлекеттің талаптарына, аймақтық еңбек нарығының және кәсіптік білім берудің талаптарына; білім сапасына кепілдік беретін заманауи мектептің имиджіне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет