90. Критериалды бағалаудағы қалыптастыратын құзыреттіліктер қатарын атаңыз. Критериалды негізде бағалау – оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделеді.
Критериалды бағалаудың міндеттеріне: 1.Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
2.Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
3.Әр оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
4.Оқу бағдарламасын меңгерудегі келеңсіздіктерді жою үшін оқушыларды ынталандыру;
5. Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
6.Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы үшжақты кері байланысты қамтамасыз ету;
Критериалды бағалаудың дәстүрлі бес балдық бағалаудан артықшылықтары;
7. Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
8. Үлгі (эталон) оқушыларға алдын ала белгілі;
9. Оқушыға бағалау алгоритмі алдын ала белгілі;
10. Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
1.Саналы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
2.Өз жұмысын талдау және үшін ақпарат алуға;
3.Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
4.Әр бір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берсе, оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндік береді.
Ата анаға: Баланың білім деңгейін бақылай алуға;
Баланың оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетеуге мүмкіндік береді.