Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі



бет30/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі
Оқу мақсаттарына шолу; Ойлау деңгейлерін сәйкестендіру; Бағалау критерийлерін анықтау; Тапсырмалар құрастыру; Дескрипторлар құрастыру.
Блум таксономиясы

  • Білу: Ақпаратты жаңғырту; жаңалық, бақылау, санамалау, байқау, атау

  • Түсіну: түсіну; түсіндіру; көрсету

  • Қолдану: Білімді пайдалану және қолдану; міндеттерді шешу әдістерін пайдалану; әдіс-тәсілдер; әзірлеу

  • Талдау (анализ): Үлгілерді анықтау және талдау; идеяларды реттеу

  • Жинақтау (синтез): Жаңа идеялар құру үшін білетін түсініктерін пайдалану; әзірлемелер мен өнертабыстар құрастыру; бейнелеу; қорытындылау; өзгерістер; болжамдар; біріктіру

  • Бағалау: Теорияларды бағалау; идеяларды салыстыру; нәтижелерді бағалау; шешім, пікір; ұсынымдар, саралау

Мысал: 1.Пән бойынша оқу бағдарламасына шолу 2. Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіру. 3. Бағалау критерийлерін құрастыру. 4. Тапсырманың түрін анықтау және құрастыру. 5. Тапсырмаға дескрипторлар құрастыру.
26. Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс түсіндіріңіз.
Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалаудың мақсаты: Оқытудың қиындықтарын анықтау; Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін); Болжау және сқрыптау; Стандарттарды бақылау және орындау; Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.
Кері байланыс – бұл мақсатқа алып баратын нақты әрекеттер, жағдайлар туралы пікірлерді (комментарийлерді) беру және алу үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы, оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы түсінік береді. Кері байланыс екі түрде өтеді:
ауызша; жазбаша. Талаптары: Нақты, түсінікті, дер кезінде және тақырып бойынша болуы тиіс. Жетістіктер мен кемшіліктер туралы ақпараттандыруы керек. Бірін-бірі сыйлау жағдайында өтуі керек. Оқушыға дұрыс жауап беруге, қателерді түзетуге немесе ойлау бағытын өзгертуге уақыт берілуі керек. Жетістікті қамтамасыз етуі керек. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі; тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет