Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет32/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

Критериалды бағалау қағидалары: Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау. Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.
Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек. Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек
Критериалды бағалау талаптары: Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы керек. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы: Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады; Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар; Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады. Критериалды бағалау пайдасы

Мұғалім үшін: Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға; Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға; Оқытудың сапасын жақсартуға; Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға; Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға; Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.

Оқушы үшін: Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану; Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну; Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу; Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.

Ата-ана үшін: Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру; Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау; Оқу барысында балаға қолдау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет