Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты – оқу үрдісі кезінде оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулердің енгізілуі. Бұл жердегі түзету енгізу шарасы мұғалім мен оқушы бірігіп пәнге байланысты жаңа мәселелердің шешімін қарастырады. Қалыптастырушы бағалау: Күнделікті оқу кезінде қолданады. (сабақ сайын, күнделікті); Оқушының деңгейін әділ бағалап, сабақты еркін меңгеруге септігін тигізеді; Нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтау; Бағалау және мақсатқа қаншалықты жеткенін анықтау.
65. Ынталандыру дегеніміз не? Ынталандыру түрлері. Психологиялық тренинг түрлерін атаңыз. Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек. Санамен сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн: 1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп, əйгілену ниетімен емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы оқушының, яғни екі тараптың бірдей жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт. 2. Мадақтау арқылы тəрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытатындардың бəріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн. 3. Мадақ қолдана отырып, кім, не үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық екенін сараптауды ұмытпаңыз. Əсіре мадақ астамшылдыққа апарады. 4. Əрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетін баулиды. Өзіне тəрбиеші, төңірегіндегі адамдар сенімін артқан бала, өз кемшіліктерін де «жүгендеп», оңды жолға түсе бастайды. Жарыс, бəсеке.Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді. Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт — жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде. Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей: Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды; Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тəрбиеші жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен қолданады; Жазалау мəселесін шешуде негізінен келеңсіз қылықтарды, болымсыз мінез бітістері мен əдістерді шектеу, тежеуге бағытталған тəрбие əрекеттері тізбегін біртіндеп қолданып, басты, мəні нақты, ұнамды сапаларды орнықтыруға қаратылған іс-əрекеттерге өту қажет; Педагогикалық процестегі жаза – кек алу құралы емес. Балада жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім тудырыңыз. əрқандай жаза əр баланың жеке ерекшеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс; Əрқандай жаза педагогикалық əдептілікті, жас кезеңдері психологиясын, сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға болмайтынын түсінген жөн. Осыдан да жаза басқа тəрбие əдістерімен бірлікті қолданылады.