Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың теориялық негіздерін айтыңыз



бет68/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

67. Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың теориялық негіздерін айтыңыз.
Өлшемдік бағалау. Білім беру сапасын арттыру оқушылардың жетістіктерін бағалаудың нақты өлшемдерін жасауды талап етеді. Өлшемдік бағалау мынадай міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылады: оқушылардың өз оқу нәтижелері үшін жауапкершіліктерін ынталандыру; өз қатесінен оқып-үйренуіне көмектесу; ненің, неліктен және қандай деңгейде болмай жатқандығын түсінуге көмектесу; нені үйрену қажет және маңызды екенін сезінуге көмектесу; тиісті және сәйкесті икемділіктердің бар-жоқтығын анықтау; сәтсіздіктерді есепке алы отырып, ол үшін жазаламау; оқушының алға жылжуын өзіне қатысты бағалау; оқушыларды табысқа жетуге ынталандыру. Өлшемдік бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады. Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшемдері арқылы жүргізіледі. Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады: өте жоғары; жоғары; орташа; төмен. Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады: жақсы біледі және тәжірибеде пайдалана алады; біледі, аздап пайдаланады; күмәнданады; білмейді; анықталмаған. Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Өлшемдік бағалау: жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс; бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады; өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады; оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады; оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады; тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады; оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді; тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет