Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау үдерісіне түсінік беріңіз



бет65/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
Байланысты:
Ба дарламасы мазм нын т сіндірі із. Халы аралы зерттеу ба дарла (1)

64. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау үдерісіне түсінік беріңіз.
Бағалаудың негізгі мақсаты – ол оқушыларға өзінше оқу, өзінше жүйелеу, өзінше реттеу, өз-өздерін бағалауға мүмкіндік беру. Бағалаудың ең басты бағыты – білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру. Бағалаудың маңызды бөлімі -баланың конвергентті ойынан арылдырып дивергентті ойлау әсерін ескеру . Бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау: Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау: Белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.
Бағалау үдерісінің мақсаты: Оқудағы қиындықтарды анықтау; Жетісіткке жеткендігін көрсететін кері байланыс; Уаж. Кері байланыс көбіне уәж түрінде көрінеді, ынталандыру; Болжау және сұрыптау; Стандарттарды бақылау және орындау; Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.
Бағалаудың мәні: Қадағалау; Алынған мәліметтерді интерпретациясы; Бұдан әрі іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Бағалаудың 6 қағидасы: 1-ші қағида: “МАҢЫЗДЫЛЫҚ”.Бағалау үшін пәннің ең маңызды, күтілетін нәтижені таңдап алу қажет. 2-ші қағида: “ДӘЛДІК”.(адекваттық) Оқушылардың қажетті білім, білік дағды, құндылықтарды қандай деңгейде менгергендігін көрсететін бағалау. 3-ші қағида: “ОБЪЕКТИВТІК” Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау- көп жағдайда субъективтік процесс. 4-ші қағида: “ОҚУДЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ”.Бағалау мен үйрету – бір тұтас процесс. Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген ба? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе? 5-ші қағида: “ЖАРИЯЛЫЛЫҚ” Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек. 6-шы қағида: “ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ”бағалау процесі мен оның формалары қолданысқа қарапайым және ыңғайлы болу тиіс. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемдігін туғызбауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет