Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Тарихи шолу Көшбасшылық дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет22/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Тарихи шолу
Көшбасшылық дегеніміз не?
Бұған  дейін  «оқудағы  көшбасшылық»  ұғымының  мәні  зияткерлік  оқудың  стандартта-
рымен  салыстырылатын  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізу  мақсатындағы  көшбасшылықпен 
теңестірілетін  (Hay-McBer,  2004).  Қазіргі  кезде  оқу  үдерісі  анағұрлым  терең  түсініледі 
(West-Burnham,  2009,  Harris  2009),  ол  зияткерлік  жетістіктерге  байланысты  және  тек  қана 
нәтижелерді  бағалау  мен  танымдық  стандарттарды  күрделендірумен  шектеліп  қала  алмай-
ды. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық-өнегелілік сауаттылығы, 
эмоционалдық-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту 
сапасын арттыру басымдығы.
Қазіргі түсінікте көшбасшылық мектеп директорына немесе білім беру жүйесінің жоғарғы 
басшылығына  ғана  тән  нәрсе  емес.  Заманауи  зерттеулер  (Leithwood  et  al.,  2006)  көрсетіп 
отырғандай,  көшбасшылық  кеңінен  тараған  болса,  әрі  бір  адамның  қарекетіне  қарағанда, 
көшбасшылар  тобының  ықпалы  үстемірек  болған  жағдайда  көшбасшылықтың  мектеп-
ке ықпалы анағұрлым тиімдірек болмақ. Саутворттың (NCSL 2004) пайымдауынша, мектеп 
көшбасшылығы  әдетте  өктемдік  ретінде  түсініледі  де,  бір  адамның  басшылығымен,  жеке 
көсемдікпен  шектеліп  қалады.  Бір  адамның  күші  мен  ықпалына  қатысты  орнығып  қалған 
ұстанымға бірлескен, командалық, бірнеше адамның көшбасшылығы қарсы қойылады.
11  мектеп  қатысқан  ғылыми-зерттеу  жобасында  «Іс-әрекеттегі  бөлінген  көшбасшылық» 
проблемасын  зерттеген  Макбет  (2004)  өзгеріп  жатқан  әлеуметтік  және  экономикалық 
жағдайларда көшбасшылық та күрделеніп, бүгінгі таңда бір адамның мүмкіндіктерінен тыс 
шығып жатқандығын ескертеді.
«Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін 
пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ. 
Бөлінген көшбасшылық шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің қалыпты жағдайы 
болып табылады».


17
Макбеттің «білім алуға қолайлы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды 
талап етеді. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі 
талап етіледі (Hoyle, 1974). Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден бо-
сануымыз  керек.  Себебі  бұл  кезде  белгілі  бір  бекітілген  стандартқа  сәйкес  әрекет  етеміз. 
Оның  орнына  мұғалім  оқу  қоғамдастығының  бір  бөлігі  болып  табылатын,  кәсібилікке 
бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл 
тәсілдің  аясында  көшбасшы-мұғалім  ұсынған  зерттеулер  мен  инновациялардың  негізінде 
мұғалімнің  тәжірибесі  жетілдіріледі  (Frost  and  Durrant,  2003).  Мұндай  тәсіл  қолданылған 
жағдайда  кәсіби  біліктілік  пен  білім  жай  қабылданбайды,  мұғалімдер  оны  өз  қолымен  жа-
сайды. Адамгершілікті пір тұтатын мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға 
әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көкейлерінде үнемі талапқа сай 
оқыту тұрады (Frost, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет