Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет23/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   440
Заманауи түсінік
Англия  мектептерінде  жүргізілген  Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы  колледжінің  зерттеуі 
(2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқыту мен оқу сапа-
сын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. 
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер 
өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Элмор (2006) жауапкершілік 
саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық – тәжірибені жетілдіру құралы болып та-
былады деп есептейді. Ал оқуға бағытталған көшбасшылық дәл осындай болып табылады.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында 
оқу  үдерісіне  және  оқушылардың,  сондай-ақ  мұғалімдердің,  қызметкерлердің  нәтижелеріне 
бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдала-
ну, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары 
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың 
және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Мұндай көшбасшылық барлық 
деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен 
шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты таратып дамытуға басымдық беру қажет.
Макбеттің  (2004)  зерттеуінде  бөлінген  көшбасшылық  дамып  жатқан  үдеріс  ретінде 
қарастырылып, ғалым оның алты түрін атап көрсетеді:
Жай  бөлініс:  қызметкерлердің  өздері    үшін  белгіленген  рөлдер/лауазымдық  нұсқаулар 
шегінде  жұмыс  істеуінен  күтілетін  нәтижені  меңзейді.  Жай  бөлініс  үдерісінің  барлық 
қызметкерлер  үшін  жоғары  дәрежелі  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде  артықшылығы  мол. 
Мұндай ортадағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу 
үшін қажетті талап болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет