Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Бірінші өлшем жеке білімге



Pdf көрінісі
бет116/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   440
Бірінші өлшем жеке білімге қатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы, 
өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын 
түсінеді  және  жеке  мақсаттарды  белгілеу  қабілеті  туындайды.  Флейвелл  оқушылардың 
өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын (бұл да сол жұмыста) балалардың басқа 
оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы 
метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.
Флейвелдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тап-
сырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тап-
сырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салысты-
ратынын көрсетеді. 
Сондай-ақ, үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті 
білім  мен  тәсілдерді  бақылау  деп  анықтайды.  Оқушылардың  орындауы  қажет  тапсырманы 
анықтауы  және  бір  немесе  бірнеше  тәсілдердің  көмегімен  тапсырманы  орындау  жоспарын 
құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы 
түрдегі  тиімділігі  бағаланып,  оқушылар  өз  әрекеттерін  түсіндіреді.  Оқушылардың  таңдауы 
мүмкін  тәсілдерінің  біреуі  –  басқалардың  білім  аясы  кеңірек  болуы  мүмкін  деген  жеке 
көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.
Табыс,  ұмтылыс  және  тиімді  тәсілдерді  қолдану  арасындағы  негізгі  байланысты 
қалыптастыратын  болғандықтан,  метатану  ұғымын  бір  оқушының  «қалай  оқу  керектігін 


68
үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен 
оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу бары-
сында оларға дербестік беруге баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін 
авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуы 
ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен 
метатанымдық білімге байланысты.
Ерте жастағы оқушыларда метатанымдық қабілеттердің бар екендігі жуық арада ғана белгілі 
болды. Флейвелл ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, 
олар әр уақытта өз жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға 
қабілетті  емес.  Алайда,  жадының  аспектілерін  зерттеу  бойынша  жүргізілген  бұдан  кейінгі 
жұмыстар 3–4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ суреттерді 
есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады (Flavell et al, 1995). Бронсон 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен  балабақшадағы  балалардың  танымдық  дамуын  зерттей 
отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін-өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. 
Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам жасаған. Осыған қарамастан, 
олар  шешімді  қалай  қабылдағандарын  немесе  қандай  тәсілді  қолданғанын  үнемі  түсіндіріп 
бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет кезінде «өздік басқару» қызметін пай-
даланады. Өсе келе, олар өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдауға, оларды 
тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге немесе қажет болған жағдайда көмек сұрауға, 
сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға қабілетті 
бола бастайды (Bronson, 2000).
Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда, 
олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды (Whitebread, 
2000). Олар балғын жас ерекшелігіне қарамастан, өздерінің оқуына саналы түрде қарайды, 
тапсырмаларды  шешу  үшін  өзіндік  әдіс-тәсілдерді  қолданады,  сондай-ақ  өздерін  оқушы 
ретінде  сезіне  бастайды.  Өзін-өзі  реттеу  мен  метатанудың  мұндай  дағдыларын  дамыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет