Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға  да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет



Pdf көрінісі
бет118/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

69
сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға 
да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. 
«Метатануды»  индивид  қалай  ойлайтынын,  оқитынын  қадағалау,  бағалау,  бақылау  қабілеті 
ретінде сипаттайды. Бейресми түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ой-
лау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. 
Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: 
•  оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
•  жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
•  тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
•  нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға 
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. 
Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға на-
зар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар 
ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық 
немесе  өздігінен  реттелетін  оқуын  дамытуға  ықпал  ететіндігі  болып  табылады.  Оқудың 
әлеуметтік-мәдени  теориясын  дамыту  барысында  Выготский  оқушының  өз  бетімен  қол 
жеткізе  алмайтын  оқу  деңгейін  ересек  немесе  «маңызды»  (ықпалды)  адамның  көмегімен 
қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «Жақын арадағы 
даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам 
«рефлексиялаушы  агент»  ретінде  жұмыс  істей  отырып,  оқушының  әрекетіне  жауап  береді 
және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау 
көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, 
дамудың  тұжырымдамалық  негіздерінің  тиімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  түрленеді. 
Бұл үдерісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан. «Көпіршелер тұрғызу» 
ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тап-
сырманы аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы 
деген  түсінік  жатыр.  Жетекшінің  оқушы  жетістігіне  деген  реакциясы  да  қолдау  ретінде 
қарастырылады. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, 
себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, 
өздігінен реттелетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет