Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті



Pdf көрінісі
бет117/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті екендігі анықталды. Бұл зерттеу 
аталған  қабілеттерді  дамыту  3-5  жас  аралығында  болатындығын,  сондай-ақ  мұғалімдердің 
осы кезеңде жоғары сапалы педагогтік тәсілдерді қолданып, қомақты үлес қоса алатындығын 
көрсетті.
Заманауи түсінік
Зерттеу  көрсетіп  отырғандай,  оқу  –  бұл  жекеленген  құбылыс  немесе  дағды  емес,  ол 
оқушылардың  оқуға  қабілетін  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  тетіктердің 
біртұтас кешені. Төменде оқушының оқуына қажетті және де оларды дамыту үшін мұғалімнің 
көмегі қажет болатын құзыреттер:
•  оқудың қалай жүретінін түсіну, оқудың қолайлы стильдерін назарға алу және өмір бойы 
өз бетінше оқудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
•  ойлануға жүйелі түрде үйрену;
•  өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолда-
рын зерттеу және анықтау;
•  оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
•  тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
•  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. 
Оқыту  –  мұғалімдердің  оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл  құзыреттіліктер  білім  алу 
үшін  оқушылардың  өздері  де  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысуын  талап  етеді.  Оқу  үдерісіне 
толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. «Қалай оқу керектігін 
үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет