Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
70 Оқушылардың тәжірибесін пайдалану Оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке
тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқудың тиімділігін елеулі түрде арттыратын маңызды
жағдай деп қабылданатындығына негізделген. Мұндай негіздеме «жағдаяттық танымға» арқау
болып табылады (Lave, 1988; Lave and Wenger, 1991), оған сәйкес белгілі бір жағдаяттар
пайымдар мен стратегиялардың тиісті түрлерін құрылымдап, белгілейді. Ньюнс және
басқалардың (1993) жұмыстарында Бразилиядағы көше балаларының күнделікті нарықтағы
сауда жағдаяттарында есептерді ойша жақсы шығарғанымен, мектептегі математика пәнінен
қарапайым жазбаша тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға кездескені анық
көрсетілген.