Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет140/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   299
Сындарлылық 
теориясы
– 
лат

constructivus
– құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия) 
– таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін) 
белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл.
Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы
болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық 
жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай 
білім алып шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағамдау
– әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау 
және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын 
түсіндіру қабілеті. 
Сын тұрғысынан 
ойлау
– қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын 
тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын 
көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы 
мүмкін.
Сыныптағы ахуал
– бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде ең 
негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне 
тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Талант
– ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің 
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен 
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар 
таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің нәтижелері 
өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады. 
Тәлімгерлік
- (
mentoring
) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, 
жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог 
ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік 
іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына 
көмектеседі. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг 
нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, 
тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет