Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет136/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   299
Креативті үдеріс
– негізгі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазияны қолдану арқылы 
ойлау және әрекет ету. екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің 
нәтижесі өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже 
құнды болуға тиіс. 


125
Критериалды 
бағалау
– оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес 
келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, 
ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым 
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі 
түрі бар – жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптастырушы 
бағалау
– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да 
қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз 
ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы 
күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу 
үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері 
байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға 
мүмкіндік береді.
«Қара жәшік» 
– ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның 
ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны 
айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан 
қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез 
келген затты (құбылысты) «қара жәшік»
 
деп атауға болады: транзистор, 
алгоритм немесе адам санасы. 
ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора 
сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен 
шектелген жағдайды меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет