72
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың
оқушылары қандай деңгейде
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде,
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай
айту қажеттігі сипатында
болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен,
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас.
Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың
жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын
дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы»
сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын
өзара
іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер ұсынып, қадағаланатын
оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы.
Негізінде, білім алу диалог
арқылы беріледі де, оқушылардың сабақта түрлі жұмыстарды орындау кезінде өзара байланыс
пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына
байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет
белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін
әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. александердің пайымдауынша, диалог
арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе
білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және
кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін
зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа
тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.
александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,
керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының
білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды.
Диалог барысында
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып
табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
•
Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.