Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді
және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп
тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа ұмтылу –
стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы,
мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара
шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан
үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде
кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық
тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер
өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін
жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп
берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан
оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері
бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына
алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың
қатысуынсыз да болып жатады.
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «
кім » дегеннен гөрі, «
не » дегенге баса назар аударылады.
Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша
жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай
басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан
дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің
бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты: