Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет31/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   298
Бастапқы деңгейде 
сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс 
анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды 
шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің 
маңызын түсінуді қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушы немесе мұғалім 
оларды тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сын тұрғысынан 
ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер 
тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды 
күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды. Сын тұрғысынан ойлау – 
өз ойын бағалау ниетінің 
болуы және 
оны істей білу, 
ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, 
ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын 
және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың 
осы қағидаттарын ұстанбайтын немесе қарсы пікірді ұстанатын, яғни зияткерлік жағынан 
тәкаппар, теріс ойлағыш, шыдамсыз, қызба, тәртібі нашар, жалқау, әрекеттің салдары туралы 
ойламайтын, жаңа ақпараттарға немқұрайды қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар 
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс 
қорытындының маңызын мойындай алмау өзін-өзі алдау мен жекелей де, ұжымдық та жабық 
ойлауға әкелуі ықтимал.


33
Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум 
таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен 
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш 
бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту 
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым 
тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға 
бірдей аударуға ынталандыру. 
13-сурет.
 Блум таксономиясы 
Танымдық саладағы дағдылар белгілі бір тақырыпты білу, түсіну пен сыни ойлау 
тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру негізінен осы дағдыларды, яғни төмен тәртіптегі 
мақсатты алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, 
ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді 
қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен 
материалдардың есте сақталғанын растау:
• арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).
• жалпылайтын сипаттамаларды білу: конвенциялар, үрдістер мен сабақтастық
жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.
• Тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жалпыла-
улар, теориялар мен құрылымдар және т.б.
Сұрақ қойылу үлгісі: 
Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
Түсіну
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен 
фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:
аударма жасау;
• интерпретация;
• Экстраполяция.
Сұрақ қойылу үлгісі: 
Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын 
салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет