Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы



Pdf көрінісі
бет33/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің 
жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. алайда 
сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті 
дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы 
ең оңтайлы тәсіл 
– балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде 
балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту 
үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі 
тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау 
мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы 
дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты 
дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды 
жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих 
немесе географияны оқытуда оқушыларды:
• суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және 
топтастыруға;


35
• негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
• қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салы-
стыру және талқылауға;
• анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға 
болады.
жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса 
отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу 
үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек 
көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта 
жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпаратпен 
танысыңыздар
. Бұл 
тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен 
сауалнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе web-сайт 
сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін. 
2. Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған 
іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды 
түсініңіз
.
3. Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің 
қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын 
талдаңыз
.
4. жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын 
салыстырыңыз және зерттеңіз
.
5. Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, 
жинақтаңыз
. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат 
көздері арасында байланыс 
орнатыңыз
.
6. Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер 
Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық 
тудыратынын 
бағалаңыз
.
7. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған 
біліміңізді 
қолданыңыз
.
8. жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын 
дәлелдеңіз
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет