Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет71/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   508
43
Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға 
тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Бұл ретте мәселен, Ұлыбританияда 
жасалған  тәжірибені  алуға  болады.  Онда  11  жастағы  әртүрлі  мектеп  балалары  археология 
бойынша  тапсырмадан  тұратын  күрделендірілген  жобаға  шақырылды,  ол  «Солтүстік 
Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен 
жұмыс»  мақаласында  сипатталған  (Dauban  and  Crossland,  2009).  Балаларға  құрбыларымен 
қарым-қатынас  жасап,  құрбылары  қойып  отырған  мейлінше  кеңейтілген  тапсырмаларды 
шешуге  мүмкіндік  берілді,  соның  көмегімен  олар  өздерінің  білім  деңгейін  белгілі  бір 
дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық, 
проблемаларды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, 
вербалды  және  таныстырылымдық  дағды  сияқты  жоғары  зияткерлік  қабілеттердің  толық 
тізімін дамыту қажет болды.
Орта  мектепте  өткізілген  тағы  бір  жағдаяттық  зерттеуге  11–18  жас  аралығындағы  430 
оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда болды 
және  университеттің  оқу  курстарына  қатысты,  сонымен  бірге  оларға  тұруға  орынжай 
беріліп,  болашақта  ұлттық  ғылыми  жарыстарға,  мектептегі  ғылыми  дәрістер  мен  ғылыми 
үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу 
нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған 
мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет