Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 444.35 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата13.02.2017
өлшемі444.35 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

1

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы

Мұғалімді бағалау қағидалары

Деңгейлік бағдарлама курстары

Үшінші (базалық) деңгей

Екінші басылым


2

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған

©  «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015

Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 

құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, 

авторлық  құқық  иесінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып 

шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.



3

3-деңгей мұғалімдерін бағалау

Мазмұны



Кіріспе 

4



Портфолионы бағалау 

5

 



2.1  Портфолионы бағалау қағидалары 

5

 



2.2  Портфолионың мазмұны 

5

 



2.3  Портфолионы бағалау үдерісі 

6



Таныстырылымды бағалау 

7

 



3.1  Таныстырылымды бағалау қағидалары 

7

 



3.2  Таныстырылымның мазмұны 

7

 



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі    

 

 



 

7



Портфолио мен таныстырылым бағаларының  модерациясы 

8



Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға 

ұсынылған мұғалімдер тізімін ресми бекіту 

8

1-қосымша  Үшінші деңгей мұғалімінің стандарттары 

10

2-қосымша  Таныстырылымда үш түйінді критерийдің 

қолдану мүмкіндігін мысалмен түсіндіру   

 

 

13



3-қосымша  Критерий бойынша бағалар сипаттамасы 

15


4



Кіріспе

Бұл  бағдарлама  үшінші  (базалық)  деңгей  мұғалімі  стандарттарына  (1-қосымша) 

жетуге  мұғалімдерді  дайындау  мақсатында  әзірленген.  Стандарттар  жаңа 

идеяларға ашық, іс-жүзінде сынап көру мен бағалау арқылы өз тәжірибесін ұдайы 

жетілдіруге ұмтылатын, рефлексиялаушы, машықтанушы маман болып табылатын 

мұғалімдерге бағытталған.

Бірінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңде мұғалімдерден тиімді оқу мен оқытудың 

заманауи идеяларымен жұмыс жасауы күтіледі. Бұл идеялар сындарлы теорияларға 

негізделген және зерттеулермен расталған. Бағдарламаның мазмұны кіріктірілген 7 

модульді қамтиды:

•  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер («Диалогтік оқыту және оқу», «Қалай оқу 

керектігін үйрету;

•  Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

•  Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;

•  Оқытуда АКТ қолдану;

•  Дарынды және талантты балаларды оқыту;

•  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

•  Оқытудағы басқару мен көшбасшылық.

Мұғалімдер бірінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңде осы заманауи идеяларды 

тәжірибеде  қолдану  мен  бағалауға  мүмкіндік  беретін  тізбекті  сабақтар  топтама-

сын  жоспарлайды.  Мұғалімдер  мектеп  тәжірибесі  кезеңінде  осы  жоспарлауды 

қолданады және сыни тұрғыдан бағалайтын болады. Мұғалімдер екінші «бетпе-

бет»  аудиториялық  кезең  барысында,  бұл  идеяларды  өз  мәнмәтінінде  қолдану 

арқасында нені үйренгендері туралы рефлексия жасайды, пікір алмасады және өз 

оқуының рефлексивті есебін толықтырады. Осы есептер Бағдарламаның бірінші 

және екінші аудиториялық кезеңдері барысында орындалған сабақты жоспарлау 

мен сапасын бағалаумен қоса портфолиоға енгізіледі.

Портфолио мұғалімнің бағдарламаны табысты аяқтауы үшін үш түйінді критерий-

ге сәйкестігін анықтауда негізгі құжат болып табылады. Бұл критерийлер қамтиды:

1.  Мұғалімдер бағдарламада ұсынылған түйінді идеялар туралы қажетті білім 

мен түсінік алуын;

2.  Мұғалімдер бұл идеяларды жеке тәжірибесінде қолдануын;

3.  Мұғалімдер жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде рефлексиялайды және одан әрі 

даму үшін олардың маңыздылығын қарастыруын.

Бұл критерийлердің осы деңгейде қалай жүзеге асырылатынын үшінші (базалық) 

деңгей стандарттары (1-қосымша) толық сипаттайды.

Суммативті бағалау үдерісі бағдарламаның мектеп тәжірибесі кезеңінде идеяларды 

қолдануға қатысты мұғалімдердің рефлексиясына шоғырланған.

 


5

Екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезең барысында жасалған портфолио мен та-

ныстырылымда мұғалімдердің үш түйінді критерийге сәйкес келуі және үшінші 

(базалық)  деңгей  мұғалімінің  стандарттарына  қол  жеткізгенінің  дәлелі  көрініс 

табады.  Таныстырылым  мұғалімнің  портфолиосы  үшін  орындаған  жұмысына 

негізделеді.  Портфолио  есептері  және  таныстырылым  бағдарламаның  жеті 

модулінің өзара әрекеттестігін көрсетуі тиіс.

Мұғалімдерге  сертификаттаудан  өту  үшін  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ филиалы Педагогикалық өлшеулер орталығы (бұдан әрі – ПӨО) өткізетін, 

бағдарламаның жеті модуліне негізделген, емтихан тапсыру қажет.





Портфолионы бағалау

2.1  Портфолионы бағалау қағидалары

Портфолио мұғалімдердің бағдарламаның барлық жеті модулі идеяларын игеруінің 

дәлелдемерін қамтуы керек. Бірақ, кәсіби іс-әрекет үдерісінде өзара байланысты мо-

дульдер жөнінде бір бірінен жекеше ойлану күрделі болады. Мұғалімдердің әрбір 

модульге қатысты тек теориялық немесе үстіртін түсінік алғаны емес, тәжірибесінің 

дамуын қолдайтын, идеяларға ашықтығы мен қызыға қатысуын көрсетуі бәрінен де 

маңызды. Осыған байланысты бағалаушы портфолионы бағалауда холистикалық 

тәсілді  қолдануы  керек  және  аяқталған  жұмыстың  үш  критерийге  сәйкестігін 

қарастырады  −  бұл  кәсіби  пайымның  деңгейін  көрсетеді.  Портфолионың  кейбір 

бөлімдерінде  әрбір  түйінді  критерий  дәлелдемелері  басқаларына  қарағанда 

анағұрлым сенімді болуы мүмкін. Мұғалімнің критерийдің біреуіне қаншалықты 

сәйкестігін анықтау үшін бірнеше әлсіз дәлелдеме жеткіліксіз болуы мүмкін, ал екі 

немесе тіпті бір ғана сенімді дәлелдеме аса жеткілікті болуы мүмкін.

2.2  Портфолионың мазмұны

Мектеп тәжірибесі кезеңінде мұғалімдер жоспарлау, оқыту, бағалау және сапаны 

бағалау (эвалюация) сияқты бірқатар әрекеттерге қатыстырылады және қандай да 

жолмен жазба жүргізе алады. Мұғалімдерге жүргізілген жұмыс бойынша барлық 

жазбаларды, бағдарламадағы бағалау игерімді болу үшін портфолиоға түгел енгізу 

қажет  емес.  Төменде  портфолиоға  қойылатын  талаптар  минимумы  көрсетілген. 

Мұғалімдерге,  олардың  білімі  және  кәсіби  дамуын  куәландыратын  немесе 

бағаланған  жұмыстарын  растайтын,  қосымша  жазбаларды  портфолиоға  енгізу 

қажет.  Мұндай  қосымша  жазбалар  әріптестер  және  тренерлермен  формативті 

талқылауларын растай алады. Екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысын-

да мұғалімдер бағалау және таныстырылым үшін портфолионың кейбір есептерін 

жетілдіреді  және  жазып  бітіреді.  Тренерлер  өз  оқу  топтарындағы  мұғалімдерге 

суммативті  бағалау  бойынша  жазбаларды  дамыту  үшін  портфолионың  мазмұны 

мен құрылымы бойынша формативті кеңес береді және қолдау көрсетеді.

 


6

Портфолио мазмұнында бағаланады:

•  жеті модуль қалай кіріктірілгенін көрсететін тізбектелген төрт сабақтың бір 

орта мерзімді жоспарлауы;

•  сабақтар  тізбегіне  бір  модуль  қалай  және  неге  кіріктірілгені  жөнінде  бір 

рефлексивті есеп (2000 сөз);

•  оқушылардың оқу үдерісінің дәлелдемелерін қамтитын, мысалы, оқушылар 

сабағының  фотосуреттері,  оқушылар  жұмыстарының  үлгілері,  оқушыларды 

бағалау жөнінде жазбалар және т.б., жоспарланған тізбектелген сабақтар топта-

масынан алынған бір сабақ бойынша бір рефлексивті есеп (2000 сөз);

•  мектеп  тәжірибесі  кезеңіндегі  тапсырмаларға  қатысты  бірлескен  танысты-

рылым туралы бір есеп (1000 сөз);

•  оқыту  мен  оқу  және  оларды  басқару  тәжірибесінде  өзгеріс  қалай 

жүргізілгендігін көрсететін тізбектелген сабақтардың бүкіл топтамасы бойын-

ша бір рефлексивті есеп (2000 сөз).

2.3  Портфолионы бағалау үдерісі

2.3.1  Топ тренерінің портфолионы алдын ала бағалауы

Мұғалімдер оқуының екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында тренер-

лер өз тобындағы барлық мұғалімдердің портфолиосын аяқтауға қолдау көрсетеді, 

танысады және портфолионың алдын ала бағалауын жүргізеді. Бағалау «жақсы», 

«қанағаттанарлық»,  «шекті  деңгей»,  «қанағаттанғысыз»  бағаларын  қою  арқылы, 

жоғарыда  сипатталған  критерийлерге  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Болашақта 

оқыту  бағдарламаларында  үлгі  ретінде  қолданылуы  мүмкін  жұмысты  «жақсы» 

бағасы анықтайды. Бұл бағалардың сипаттамасы 3-қосымшада берілген. Тренер-

лер өз тобындағы әрбір мұғалімге алдын ала бағалау парағын толтыратын болады. 

Нәтижелері мұғалімнің  портфолиосы  және  таныстырылымын тәуелсіз бағалауға 

осы топқа бекітілген тәуелсіз тренерге беріледі.

2.3.2  Портфолионы тәуелсіз бағалау

Мұғалімдер  өз  портфолиосын  электронды  түрде  тапсырады.  Олар  бағалау 

үшін  топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренерге  қолжетімді  болады.  Тәуелсіз  тренер-

лер  оқудың  екінші  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңі  соңында  портфолионы  зер-

делеп, бағалайды. Тәуелсіз тренер, содан кейін, өз бағасын Бағалау жабдығында 

келтірілген алгоритмге сәйкес топ тренерінің бағасымен салыстыра отырып, әрбір 

мұғалімнің портфолиосына қорытынды баға қояды. Топ тренері мен тәуелсіз тре-

нер қойған бағаларында екі балл айырмашылық болған жағдайда немесе тәуелсіз 

тренер «шекті деңгейге» бағаласа, мұғалім портфолиосын эксперт немесе екінші 

тәуелсіз тренер модерациялайды.

 


7



Таныстырылымды бағалау

3.1  Таныстырылымды бағалау қағидалары

Мұғалімдер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында өз портфо-

лио есептерімен байланысты таныстырылымды дайындап, шығып көрсетеді. Таны-

стырылым мұғалім портфолиосының шынайылығын айқындауға көмектеседі және 

қорғау  дағдыларын  көрсетеді.  Таныстырылым  идеялардың  сыныпта  енгізілуіне 

шоғырланатын  болады.  Мұғалім  мектептегі  тәжірибе  кезеңіндегі  оқытуға 

бағдарламаның жеті модулін кіріктірді ме және осы идеяларды өзінің оқытуына 

енгізуі туралы сыни рефлексия жасады ма – бұл осы бағалаудың фокусы.



3.2  Таныстырылым мазмұны

Таныстырылым арқылы бағаланатын портфолио есептері:

•  бағдарламаның жеті модулі қалай кіріктірілгендігін көрсететін тізбектелген 

сабақтарды орта мерзімді жоспарлау;

•  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  модульдердің  бірінің  қалай  және  неге 

кіріктірілгендігіне егжей-тегжейлі түсініктеме беру;

•  оқушылардың  оқуының  дәлелдемелерін  қамтитын,  топтаманың  бір 

сабағының егжей-тегжейлі рефлексивті есебі;

•  өз тәжірибесінде мұғалімнің өзгерістерді қалай жүргізгені және басқарғаны 

туралы рефлексивті есеп.



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі

Таныстырылымды  қорытынды  бағалауға  мұғалімдерге  таныс  емес  тәуелсіз  тре-

нерлер жауапты болады. Бағалаудың үш түйінді критерийі негізінде таныстыры-

лым  бағаланады.  Мұғалімдердің  таныстырылымы,  жалпы  алғанда,  барлық  үш 

критерийге сәйкес болуы керек, бірақ әрбір слайд бір немесе екі критерийге аса 

шоғырлануы  мүмкін.  Таныстырылымда  үш  түйінді  критерийдің  қалай  қолдану 

мүмкіндігінің мысал арқылы түсіндірмесін және слайдттарда көрініс табуы мүмкін 

критерийлер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін 2-қосымшаны қараңыз. 

Таныстырылым «жақсы», «қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз» 

деп бағаланатын болады.

Мұғалімдер  топтағы  өз  әріптестерінің  таныстырылымын  бақылайды.  Барлық 

мұғалімдердің оқу үдерісіне әріптестерінің таныстырылымын бағалау белгілі бір 

үлес  қосады.  Әріптестердің  бағалауын  тәуелсіз  тренер  ескеруіне  болады,  бірақ 

қорытынды  бағаны  дербес  шығарады.  Тәуелсіз  тренердің  бағалауын  эксперт 

құптауы  мүмкін,  егер  ол  үдерісті  бақылаған  болса.  Эксперттер  модератор  бола 

алады  және  қажет  жағдайда  тренердің  шешіміне  араласып,  түзету  енгізе  алады. 

Эксперттің  мұғалімдердің  таныстырылымына  қатысуы  тренерлерді  қолдау  және 

бағалау үдерісіне белгілі бір үлес қосады.

 


8

Тәуелсіз тренерлер, әріптестер мен эксперттер Бағалау жабдықтарындағы профор-

маларды таныстырылымның әрбір элементін бағалау үшін қолдана алады.



Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы

Бағалаудың кейбір шешімдері модерацияға жатқызылуы мүмкін. Модерация келесі 

жағдайларда жүзеге асырылады:

1) топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренердің  портфолиоға  қойған  бағаларының 

айырмашылығы екі немесе одан жоғары балл;

2) портфолио  немесе  таныстырылымға  қойылған  қорытынды  баға  -  «шекті 

деңгей».

Бірінші жағдайда, эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер мұғалім портфолиосын 

қайта қарап, топ тренері және тәуелсіз тренермен бағаларды талқылайды. Эксперт 

немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Екінші  жағдайда,  эксперт  немесе  екінші  тәуелсіз  тренер  және  тәуелсіз  тренер 

мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымын үш түйінді критерийдің әрқайсысы 

бойынша  дәлелдемелердің  жеткіліктілігін  шешу  үшін  қарастырып,  талқылайды. 

Экспертке және екінші тәуелсіз тренерге портфолио портал арқылы қол жетімді 

болады. Егер олар мұғалімнің таныстырылымды қорғауына қатыспаған болса, онда 

шешім шығару үшін қолжетімді болған жағдайда таныстырылымның бейнежазба-

сын қарай алады. Эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Модерация  үдерісі  аяқталғаннан  кейін  барлық  мұғалімдерге  «есептелді»  немесе 

«есептелмеді» бағасы қойылатын болады.

«Есептелді»  қорытынды  бағасын  алған  бағдарламаның  барлық  тыңдаушылары 

ресми сертификаттау үшін ПӨШ өткізетін емтиханға жіберіледі. Бірақ, модерация 

үдерісі емтиханға дейін аяқталмауына байланысты, «шекті деңгей» бағасын алған 

барлық тыңдаушылар емтиханға жіберіледі.

Модерация  қорытындысы  бойынша  «есептелмеді»  қорытынды  бағасын  алған 

тыңдаушылар емтихан нәтижелеріне қарамастан, сертификаттауға ұсынылмайды.



Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға ұсынылған 

мұғалімдер тізімін ресми бекіту

Модерация үдерісінен кейін үміткерлердің бағалары Емтихан Кеңесіне берілетін 

сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  жасау  үшін  қолданылады. 

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  Емтихан  Кеңесі  қарастырады 

және ресми түрде бекітеді. Емтихан Кеңесі сертификаттауға өтпеген үміткерлердің 

жағдайларын,  сонымен  қатар  кез-келген  бұзылыс  жағдайларды  қарастырады. 

Берілген дәлелдемелер негізінде Емтихан Кеңесі үміткерлерді қайта тіркеу немесе 

қайта тапсыру туралы шешімді қабылдайды.



9

Үміткерлер портфолиосы немесе таныстырылымы «қанағаттанғысыз» бағаланса, 

қажетті  компонентті  бір  рет  қайта  тапсыруға  рұқсат  ала  алады.  Портфолиосы 

және таныстырылымы бойынша «қанағаттанғысыз» баға алған үміткерлерге қайта 

тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтихан  Кеңесі  денсаулығы  және  жеке  себептерге  байланысты  бағдарламаны 

аяқтамаған  үміткерлердің  жағдайларын  қарастырады.  Емтихан  Кеңесі  үміткерді 

бағдарламаға қайта тіркеу мүмкіндігі немесе бағдарламаның қандай да бөлімдерін 

аяқтау қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

Емтихан  Кеңесі,  сондай-ақ,  барлық  бұзылыс  жағдайларды,  әдетте  плагиатты 

қарастырады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан плагиат ретінде не есептелетіндігі 

туралы ережені табуға болады. Емтихан Кеңесі үміткердің плагиат болып есептел-

ген жұмысын қайта тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдердің  ресми  тізімі,  сонымен  қатар, 

«есептелмеді» бағасын алған үміткерлер үшін қайта тапсыру немесе қайта тіркеу 

туралы шешім Емтихан Кеңесінен кейін жарияланады.



Апелляция

Үміткерлер  апелляцияға  «есептелмеді»  шешімі  қабылданған  жағдайда  бере  ала-

ды. Дегенмен, бағалау рәсімдері бойынша ғана апелляцияға беруге болады. Тре-

нер, тәуелсіз тренер және эксперттің портфолио мен таныстырылымның сапасына 

қатысты бағалау және модерация бойынша қабылдаған шешімдері талқылауға жат-

пайды. Апелляцияға осы құжатта баяндалған бағалау және модерация үдерістері 

орындалмаған жағдайларда ғана беруге болады. Осындай жағдайдларда үміткерлер 

бас экспертке бағалау үдерісінде орын алған ағаттық жағдайлар немесе орынсыз 

әрекеттердің,  кез-келген  жіберілген  рәсімдік  қателіктердің  дәлелдері  мен  егжей-

тегжейін баяндап жазбаша өтініш беру керек.

Осындай  апелляцияға  өтініш  сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін 

бекіткеннен кейінгі 14 күн ішінде берілуі тиіс.

Өтінішті алғаннан кейін, бас эксперт кідірмей қабылдап, қарастырады. Жағдайды 

тексеруді бас эксперт аппеляцияға өтініш беруші үміткерді бағалауға қатысқан тре-

нер, тәуелсіз тренер және экспертпен кеңесе отырып жүргізетін болады. Үміткерден 

өз таныстырылымын бас экспертке жекелей көрсетуі сұралуы мүмкін. Бас эксперт 

шешім себебін көрсете апелляцияға қабылдау немесе қабылдамауға қатысты жаз-

баша жауап ұсынады.



10

1-қосымша

Үшінші деңгей мұғалімінің стандарттары 

Кәсіби білім мен түсінік

Кәсібилік  

критерийі

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету

3-деңгей мұғалімі біледі және түсінеді:

Бағдарламада 

ұсынылған 

түйінді идеяларды 

білу және түсіну

•  барлық балалар қалай оқиды (мысалы, жас 

ерекшеліктеріне сәйкес дарынды және таланттылар);

•  оқушылардың дамуына ықпал ететін факторларды 

(әлеуметтік, эмоционалдық, танымдық);

•  мақсаттар мен міндеттерді қалай анықтау керектігін;

•  барлық оқушылардың оқуда табысты болуына қол 

жеткізу үшін қалай жоспарлау және бағалау керектігін;

•  білім беру ұжымында және оған қатысты мамандықтарда 

оқушылардың игілігін қалай қолдауды.



Кәсіби дағдылар

Кәсібилік 

критерийі

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету

3-деңгей мұғалімі:

Бағдарламаның 

идеяларын  өз 

тәжірибесінде 

қолдану

•  сыныптағы барлық оқушыларды ынталандыратын, тиісті 



мақсаттарды әзірлей алады;

•  оқушылардың дербес болуын және білімнің сыни 

қолданушылары болуын қолдайтын, оқушылардың жеке 

қажеттіліктеріне жауап беретін және анықтайтын тәсілдерді 

қолдана алады;

•  қалай оқу керектігін үйрету әдістерін қолдана алады;

•  сыныптағы барлық оқушылардың оқу үдерісіне жетекшілік 

етеді;


•  тілектестікті, құндылықтар жүйесін, мінез-құлық ережесін 

белгілеу негізінде оқушылармен өзара сыйластық қарым-

қатынас орната алады;

•  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді кіріктіру негізінде 

тізбектелген сабақтарды жоспарлау, оның ішінде: тізбектелу 

дарынды және талантты оқушылардың талаптарын білуін 

көрсетеді; оқушылардың жас ерекшеліктері есепке алына-

ды; оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді; 

оқыту үшін бағалауды енгізеді; оқушыларды оқуға ынталан-

дырады; оқуды жақсарту үшін жаңа технологиялар (АКТ) 

енгізеді.


11

•  оқыту мен оқу және оларды басқару тәжірибесінде қалай 

өзгеріс жүргізілгенін көрсете алады;

•  қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешек жағдайларда 

оқушылардың оқу қарқынын жоспарлай алады;

•  қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін 

сабақтарды жоспарлай алады;

•  оқушылардың оқу үдерісін жетілдіру мақсатында жарамды 

материалдар мен дереккөздерді таңдай біледі;

•  оқуға жағдай жасау үшін лайықты тапсырмалар мен іс-

шаралар ауқымын пайдалана алады;

•  өзгермелі жағдайларға сәйкес жоспарды түзетуде икемділік 

көрсете алады;

•  оқу, үй және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай ала-

ды;

•  оқушылардың оқуы туралы рефлексия жасап, жоспарлау 



және оқыту тәжірибесіне тиісті өзгерістер енгізе алады;

•  тиісті әдебиетті оқу, әріптестерімен пікірлесу, жеке 

тәжірибесіне және сыныпта оқыту тәжірибесі туралы зама-

науи зерттеулерге сүйене отырып, алқалық шешім қабылдай 

алады;

•  жекелеген адамдардың, шағын топтардың және бүкіл 



сыныптың әрекетін ұйымдастырады және басқара алады;

•  сабақ уақытын тиімді бөле алады;

•  қауіпсіз және мақсатқа бағытталған оқу ортасын құра алады;

•  формативтік және суммативті бағалауды қоса алғанда, 

бірқатар бағалау стратегияларын қолдана алады;

•  оқушылардың жұмысын жете бағалайды және тексере ала-

ды;

•  оқушыларға тиімді ауызша және жазбаша кері байланыс 



бере алады;

•  жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу 

қарқыны жөніндегі тиісті есептерді жүйелей алады;

•  оқушылардың өз оқуын рефлексиялауын қолдау дағдыларын 

дамыта алады;

•  оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды 

қолдана алады;

•  жоспарлау, оқыту және бағалау үдерістерін тиімді кіріктіре 

алады.


12

Кәсібилік  

критерийі

Құзырет: Кәсіби тәжірибені көрсету

3-деңгей мұғалімі:

Жаңа тәжірибені 

енгізу рефлексиясы 

және алдағы дамы-

ту үшін  оның мәні

•  әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың 

білімдік жетістіктеріне жағымды үлес қосады;

•  оқыту үдерісінде әріптестермен өзара тілектестік 

қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді;

•  мектепке кең мәнмәтінде және құрылымдық 

бөлімшелеріне үлес қосады;

•  портал арқылы виртуалды оқу ортасы жағдайында 

Бағдарламаның қосымша материалдарын белсенді пай-

даланушылары болып табылады;

•  мектептің желілік қоғамдастық жағдайында жұмыс 

істеуге білікті;

•  өз тәжірибесі туралы рефлексия жасауға және түзету 

енгізуге білікті;

•  берілген ұсыныстарға сәйкес әрекет етеді;

•  жеке кәсіби дамуының аспектілері туралы түсінігі бар 

және үнемі жетілуге ұмтылады;

•  өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын 

сыныптың шағын ауқымында дамытушылық жұмыстар 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет