Бағдарламаның құрылымы мен кезеңдері
Бұл Бағдарлама оқу-әдістемелік материалдар кешені мен онлайн білім беру платформасынан
тұратын біріктірілген оқу бағдарламасы болып табылады.
Бағдарламаны игеру ұзақтығы үш кезеңге бөлінген 7 аптадан тұрады.
• Бірінші кезең - "Бетпе-бет" (дәрісханалық оқыту; 2 апта).
• Екінші кезең - "ЖОО-да тәжірибе" (асинхронды оқыту; 3 апта).
• Үшінші кезең - "Бетпе-бет" (дәрісханалық оқыту; 2 апта).
Бірінші кезең - "Бетпе-бет" (дәрісханалық оқыту; 2 апта).
"Бетпе-бет" бірінші кезеңі бағдарламаның негізгі идеяларын және оларды ЖОО
тәжірибе енгізу әдістемесін шолуды көздейді. Процесс барысында тренерлер келесі
тапсырмаларды орындайды:
• Оқу үдерісі қалай жүретіні және сапалы оқыту деген не екендігі туралы
материалдарды зерттеу.
• Оқыту және білім беру қалай өтуі керек екені жайлы ұсынысы мен өз білімін талдау.
• ЖОО-да және мектепте жұмыс істеу тәсілдерін модельдей отырып, белсенді оқытуға
қатысу, бұл бірлескен топтық жұмысты, талқылауларды, презентацияларды және жеке
зерттеулерді болжайды.
• Бағдарламаның жеті модулі шеңберінде оқыту мен білім берудің жаңа тәсілдерін зерделеу.
• Сынып тәжірибесіне енгізуге жататын бағдарлама идеяларын пайдалана отырып,
бірізді сабақтар сериясын (төрт сабақ көлемінде) жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |