беру арқылы болашақтың үздіксіз экономикалық дамуы адами факторға инвестициялар
кілті болып табылады.
Конгреске қатысушылар әлемдік білім беру қоғамдастығындағы елеулі күш-жігерге
қарамастан, мұғалімдер кадрларының сапасы мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті [2].
Теңдік, мәдени түсіністік және әр адамның жеке басының бостандығын құрметтеу сияқты
әлеуметтік құндылықтарды беру мен игерудегі мұғалімнің шешуші маңызы конгресте
бірауыздан қабылданған "Сапалы білім негізінде болашақты құру" білім беру туралы
баяндамасында бекітілді.
Мұғалімдерді сапалы даярлау мәселесі педагогикалық жоғары оқу орындары үшін
басым мәселе болып табылатыны анық, осыған байланысты жоғары оқу орындарының
алдында кәсіптік оқытудың инновациялық және тиімді әдістемелері мен технологияларын
іздестіруге және ЖОО-ның практикаға бағытталған оқу үдерісін іске асыруға тиісті
ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасауға қатысты сұрақтар мен мәселелер
кешені туындайды, сондай-ақ ЖОО түлектерін осы бағдарлама қамтамасыз етуге бағытталған
қазақстандық мектепте ЖОО түлектерінің кәсіби қызметіне жылдам бейімделуді қамтамасыз
ету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың
деңгейлік бағдарламаларын іске асыру барысында оны кең ауқымды реформалау аясында
жалпы білім беретін мектептегі мұғалімнің кәсіби қызметінің заманауи озық білімдерімен
және технологияларымен қаруландыру.
Осы бағдарлама ЖОО–ның болашақ түлектері - мұғалімдерді оқытатын тренерлерді
кәсіптік даярлауға бағытталған, қазақстандық білім беруді дамытудың стратегиялық
жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді, қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер
нәтижелеріне және оқытудың озық тәжірибесіне негізделген. Бағдарламаның концептуалды
негіздерін ойдағыдай практикалық іске асыруға оқытудың инновациялық технологияларын
қолдана отырып,
5
аудиториялық кезеңде бетпе-бет оқыту барысында кәсіби ынтымақтастық пен өзара
оқытудың белсенді режимін құруға мүмкіндік беретін оның құрылымы ықпал етеді.
Бағдарламаның
тақырыптық
мазмұны
білім
алушылардың
функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша ЮНЕСКО мен ЭЫДҰ ұсынымдарының түйінді
қағидаларымен келісілген және бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінінде оларды мектеп
тәжірибесіне табысты пайдалануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы
нұсқауларды қамтиды:
• Оқыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер
• Сыни ойлауға үйрету
• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
• Оқыту мен білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
• Дарынды және талантты оқушыларды оқыту
• Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және білім беру
• Оқытудағы көшбасшылық және басқару.
Бағдарлама мазмұнына енгізілген жаңа тәсілдердің бірі тренерден педагогика
теориясы мен тәжірибесі және пәндерді оқыту әдістемесі туралы жүйелі ойлауды талап ету ,
атап айтқанда, кәсіби қызметте алынған білім мен тәжірибелік дағдыларды іске асыру болып
табылады.
Бағдарламаға оның әдіснамалық негізі болып табылатын пайдаланылған әдебиеттер
тізімі, сондай-ақ, әрине, қарқынды дамып келе жатқан әлемдік білім беру жүйесінде толық
сипатқа ие бола алмайтын ұсынылған әдебиеттер тізімі кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |