мәселелерді шешуге ерекше көзқарасының болуын анықтау өте маңызды. Бұл жағдайда
мұғалімнің рөлі оқушылардың мәселені (проблема, жағдай, құбылыс және т.б.) түсіну
дәрежесін анықтау және осы түсінікті толықтыруға немесе өзгертуге ықпал ету болып
табылады.
Бағдарламаның Басымдықтары
Бұл бағдарлама оқыту, білім беру және тәрбиелеу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз
тәжірибесін зерттеуді жүзеге асыру үшін қажетті білім көлемінің болуын болжайтын
оқытушының үздіксіз кәсіби дамуының қазіргі заманғы талаптарына жауап береді. Бұл үдеріс
төрт негізгі сұраққа негізделеді. Оның негізгі сұрағы: "білім алушылар қалай оқиды?", ал
қалған үшеуі қосалқы сұрақтар:
• нені оқытады?
• оқыту тізбегін қалай құруға болады?
• оқушының жетістік дәрежесін қалай бағалауға болады?
Бағдарламаны игеру тренерден оқу саласындағы ғылыми-тәжірибелік зерттеулердің
едәуір санын зерделеуді және талдауды, сондай-ақ әріптестерімен және оқытушылармен
мектепте тәжірибе кезеңінде сабақтарда зерттеу нәтижелерін өз топтарында пайдалану
тәжірибесі мәселелері бойынша кәсіби пікірталастарға қатысуды талап етеді.
|