Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және білім беру



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата31.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#21468
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және білім беру 

Танымдық  даму  дегеніміз  –  бұл  оқушының  түрлі  мәселелерді  білуге  және  шешуге 

қабілеттілігі.  Дәлірек  айтқанда,  когнитивтік  даму  дегеніміз  -  оқу  қабілеті,  сонымен  қатар 

назар,  сөйлеу  дағдылары,  ойлау,  негіздеу  және  шығармашылық  сияқты  зияткерлік 

қабілеттердің  дамуы  мен  тұрақтылығын  білдіреді.  Төменде  аталған  зияткерлік  қабілеттер 

ойлау үдерістерінің табиғаты және олардың жасына байланысты өзгеру ықтималдығы туралы 

маңызды ақпаратты қамтитын танымдық даму теориялары аясында сипатталған. 

Бұл  модуль  талантты  және  дарынды  оқушыларды  оқытудың  алдыңғы  тақырыбымен 

тығыз  байланысты,  өйткені  екі  модуль  де  оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

бағытталған сараланған оқытуға қатысты. Алайда, бұл  жағдайда мәселе оқушылардың даму 

кезеңдеріне қатысты, олар оқытудың қол жетімділік дәрежесін анықтайдыжәне " Оқыту мен 



білім  берудегі  жаңа  тәсілдер"  модулімен  өзара  байланысты.  Мысалы,  әртүрлі  жастағы 

оқушыларда байқалатын метатаным деңгейлері, балалардың жасына сәйкес келетін сындарлы 

диалогты  ынталандыру  стратегиялары  әр  түрлі  жастағы  оқушыларға  сәйкес  келеді.  Сол 

сияқты  басқа  модульдермен  байланыс  бар,  мысалы,  әртүрлі  жастағы  өзін-өзі  бағалау  үшін 

жауапкершілікті  зерттеу  үшін  "Оқыту  үшін  бағалау  және  оқытуды  бағалау".  Сондай-ақ 

әртүрлі  жастағы  сыныптарда  нәтижелі  оқыту  және  білім  беру  стратегияларын  іске  асыру 

қарастырылатын  болады,  өйткені  бұл  мәселе  кейде  Қазақстанның  жекелеген  ауылдық 

өңірлерінде де кездеседі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет