Сыни
бағалау
- іс-әрекеттің, үдерістің немесе өнімнің нәтижелілігін/
құндылығын/ негізділігін талдау және соңғыларының неге
нәтижелі/ мақсатқа сай/ негізделген және т.б. болғанын немесе
болмағанын түсіндіру қабілеті.
Метатаным
- бұл ұғымды психологияға J. H. Flavell (1976; 1979; 1992) енгізді.
Метатаным құрылымында автор метакогнитивті білім, тәжірибе,
мақсаттар мен стратегиялар сияқты компоненттерді анықтайды.
Сонымен қатар, автор танымдық іс-әрекетті рефлекстік бақылауды
метатанымның маңызды атқарымдарының бірі деп санайды. Сондықтан
J.Flavell, A. Brown, M. Reid және т.б. эксперименттері балалардың
өзіндік танымдық іс-әрекетін оның ерекшеліктерін білу негізінде реттеу
мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.
М. - өзіндік ойлау қабілеттерін танымдық құралдар мен стратегияларды
түсінудің нақты формасы, бұл танымдық және аффективті тұрғыдан
өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылауды қалыптастыруға негізделген
оқушыларға субъективті тұғырды дамытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |