27
міндеттің "кешенді құрылымын" құру (О. Зельц, 1981), қайта
құрылымдау (М.Вертхаймер, 1987; К. Дункер, 1965), ұғымдарды
қалыптастыру стратегиясы (Дж. Брунер, 1977), "әрекеттегі мағынаны"
құру (О. К. Тихомиров, 1984) және т. б. Ақпараттық теорияларда (Д.
Миллер, Ю. Галантер, 1986; А.Ньюэлл, Дж. Шоу, 1965; П. Линдсей, Д.
Норман, 1974 және т.б.) мәселенің шешімін табу үдерісін ұйымдастыру
атқарымын орындайтын арнайы эвристика мен алгоритмдер
анықталды.
Модельдеу
- таным объектілерін олардың модельдерінде зерттеу; нақты бар заттар
мен құбылыстардың (тірі организмдер, инженерлік құрылымдар,
қоғамдық жүйелер, әртүрлі үдерістер) модельдерін құру және т.б.
Дарындылық
-
қабілеттердің
динамикалық
иерархиясының
құрылымдық
компоненттері. Дарындылық - қабілеттердің сапалы, ерекше, жеке
үйлесімі. Дарындылық қабілет сияқты туа біткен емес және даму
үстінде жүреді (Б.М. Теплов). Жалпы дарындылық: салыстырмалы
түрде кең және әмбебап психологиялық компоненттерді дамыту (есте
сақтау, интеллект). Арнайы дарындылық белгілі бір арнайы, яғни нақты
қызметке қатысты. Бұл бөлініс шартты; жалпы және арнайы қабілеттер
жеке, әрекеттегі бірлікте кездеседі. Адамдардың дарындылықғы мен
қабілеттілігі сандық жағынан емес, сапалық жағынан ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: