Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет43/47
Дата25.05.2023
өлшемі143,75 Kb.
#97587
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Перспективалық жоспар 22ж ересек

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту. Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
Сөздік қор.
Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға», ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға, зат есімдерді жекеше және көпше түрде үйрету, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).
Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету.
Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.

Көркем әдебиет

- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту;
- балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну.
Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.

Қазақ тілі

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет