Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды қалыптастыру.
Талдау, салыстыру, қарапайым ой қорытындысын жасауға үйрету.
Қоршаған ортамен танысу
Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
- тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Құрастыру
Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік, шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу.
Мүсіндеу
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Жапсыру
Күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
- алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сурет салу
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) заттарға қарап отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Олардың сипаттық белгілерін байқауға үйрету. Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Музыка
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау.
- фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары