Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет2/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Математика негіздері



Сандар түрлі жиындардың көрсеткіштері екендігі және жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. «Бір» деген ұғым - бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру.

Қоршаған ортамен танысу



Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау:
- заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету;
- балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Құрастыру



Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
- болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;
- шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу;

Мүсіндеу



Заттық мүсіндеу.
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.

Жапсыру



Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қию, шаршы немесе тікбұрыштың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып алу.
- екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;



Сурет салу



- пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету;

Музыка

Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату.
Ән айту.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Билер.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.



Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет