Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет13/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Топ «Қошақан» мектеп алды тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы наурыз айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Наурыз



Дене шынықтыру

Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.
- тепе-теңдікті сақтау. Арқан, жіптің бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру; гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам қашықтықта қойылған толтырылған доптардан аттап жүру, бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу, көтеріңкі заттың үстімен жүру, көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру, «Қарлығаш» жаттығуын орындау;

Сөйлеуді дамыту

Сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.

Көркем әдебиет



Бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге, шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту;
Өзін көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.

Сауат ашу

Сөйлем құруға, сөздердің ретін көрсете отырып, жай сөйлемдерді сөздердің ретін көрсете отырып, жіктеуге жаттықтыру;
Сөздегі буындардың ретін анықтау; буындардан сөз құру (ауызша), жай сөздердегі дыбыстардың ретін көрсету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет