Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет12/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Математика негіздері



Түрлі оқиғалар, апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. Жыл айлары туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың реттілігін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.

Қоршаған ортамен танысу



Түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар - адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оларға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Жолда жүру ережелері.
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.

Құрастыру



Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту. Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.

Мүсіндеу



Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

Жапсыру



Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін жетілдіру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындау.



Сурет салу



Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнерінің желісі бойынша сурет салу.

Музыка

Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.



Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет