Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет15/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Дене шынықтыру

6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді), екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7-10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7-10 рет), топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (7-10 рет), (5 метрге дейін) қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.
- лақтыру, қағып алу, домалату. 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру; допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу;

Сөйлеуді дамыту

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.

Көркем әдебиет



Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.
- драматизация ойындарының және режиссерлік театрландырылған әрекеттің алуан түрлерін (қуыршақ-марионеткалар, «жанды қолды» қуыршақтар, ұзын бойлы қуыршақтар).
Адамгершілік нормалары туралы түсінік.
- әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.
Балалардың театр ойындары тәжірибелерін байыту.

Сауат ашу

Сөздегі буындардың ретін анықтау; буындардан сөз құру (ауызша), жай сөздердегі дыбыстардың ретін көрсету;
Жазу дәптерінің бетінде бағдарлай білуге, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Штрихтарды, жиектерді салуға және әріптердің элементтерін үстінен басуға үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет