Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы Топ«Қошақан» мектеп алды тобы Балалардың жасы5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі2022-2023 оқу жылы мамыр айы
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Мамыр
Дене шынықтыру
Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру. Негізгі қимылдар.
Құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту; орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру. 3-4 доғаның астынан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу, арқаға қапшық қойып төрт тағандап еңбектеу, қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту;
Сөйлеуді дамыту
Сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану;
Диалогты сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану;
Көркем әдебиет
Мазмұнына, мәнерлеу құралдарына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету;
Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету;
Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу;
Сауат ашу
Жазу дәптерінің бетінде бағдарлай білуге, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Штрихтарды, жиектерді салуға және әріптердің элементтерін үстінен басуға үйрету.
Айналасындағыларға тілектестік қарым-қатынасты қалыптастыру, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін дамыту;