Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды қалыптастыру.
Талдау, салыстыру, қарапайым ой қорытындысын жасауға үйрету.
Бейнені контуры бойынша штрихтауға және бояуға, тор көзді дәптерде, қағаз бетінде, жазықтықта бағдарлауға, берілген бағытта графикалық диктанттар (есту арқылы тор көздер бойынша) орындауға үйрету.
Қазақстан Республикасы әскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тәрбиелеу.
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
Құрастыру
Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту. Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту.
Мүсіндеу
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.
Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.
Жапсыру
Аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
«қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануды;