Лақтыру, домалату, қағып алу. Заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату. Заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 м кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 м қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 м қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет);
Сөйлеуді дамыту
Сөздік қор Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.
Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау. Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.
Көркем әдебиет
Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Қазақ тілі
Қыс тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту; байланысты тілді дамыту; сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету; «Қ», «Ы», «Ғ» дыбыстарының айтылуын үйрету. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету. (қыс айлары, аяз, қырау, боран,желтоқсан, қаңтар, ақпан, сырғанақ, шана, коньки)
Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Өз Отанын, қаласын, астананы дұрыс айтуға үйрету. Рәміздерді жатқа айтуға тәрбиелеу. (Елтаңба, рәміздер, мұз айдыны, жаңа жыл, мереке, ақшақар, сыйлық)
«Мынау не?» «Неше?», «Қандай?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды үйрету. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету.
Шама Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан-жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.