Бағдарламасы негізінде 2024-2025 оқу жылына арналған



бет11/15
Дата09.10.2024
өлшемі71,77 Kb.
#147243
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Кіші топ жылдық 2024-2025 жыл дене шынықтыру

2024-2025 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


кіші топ «........»
Наурыз айы 2025жыл

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.


Негізгі қимылдар:
шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
гимнастикалық скамейканың үстімен жүру
аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру
арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,3-1,3 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру
10-13 сантиметр биіктіктен секіру


Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет