Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу.
Қимылдыойындар. Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
Спорттық жаттығулар: Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.(спорт залда немесе алаңқайда)
Дербесқимылбелсенділігі. Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепкедейінгітәрбиеменоқытудыңүлгілікоқубағдарламасынегізінде 2024-2025 оқужылынаарналған ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңперспективалықжоспары