Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет35/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
1917 жылдың аласапыранында мұндай ой жалғыз М.Шоқайды қинаған жоқ еді. Тура осындай пікірді Алашорда автономиясын құруға байланысты Әлихан Бөкейхан да білдірген болатын.
Ал осы 1918 жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді?
Кеңестік тарихнама саналы түрде мағынасын бұрмалап, клерикал-феодалдық мазмұнда көрсетуге тырысқан Түркістан автономиясы жай бір қалалық құбылыс емес, Түркістан халықтарының өзін-өзі билей алу құқығын мойындамай, ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Тәшкендегі Кеңестік билікке балама билік есебінде өмірге келген жалпытүркістандық құбылыс болатын.
Бұл үкімет алдына ешқандай да сепаратистік мақсат қойған емес. Большевиктер билігі болса Қоқан автономистерін күшпен тарата отырып, жергілікті халық алдында өздерінің ұлттар теңдігіне қалай қарайтындығын іс жүзінде көрсеткен еді.
Ал Қоқан үкіметінің мүшелері өздерінің Түркістан Кеңестері съезіне жолдаған хатында жаңа билік пен идеологияның халыққа зорлықпен таңылып отырғандығын айтып: 1917 жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатысып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енеді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болады. Оның себептері туралы не айтуға болады?
Біріншіден, Қоқанда Түркістан автономиясы жарияланып, үкіметі құрылғанда М.Шоқай айға жетер-жетпес мезгілде Алашорда үкіметінің өмірге келерін білген жоқ еді және оны ойлауға уақыт ағымы мұрсат та берген жоқ-тын.
Екіншіден, Алашорда үкіметінің құрамына енуге келісім беруі орынсыз деп айту қиын. Өйткені Алашорда үкіметін сайлаған желтоқсан съезі «Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді» деген шешім қабылдайды.
Оқырманға мәселе толығырақ түсінікті болуы үшін қосымша мына жағдайды айта кету қажет. М.Дулатұлы бұл мәселеге байланысты мынадай түсінік берген-ді:
«Ол кезде Түркістан мен қазақ бірігуі керек деушілердің дәлелі орыстың отаршылдығынан құтылу үшін, күшті болып ұлт тілегін жүзеге асыру үшін Орта Азия елдері бірігуіміз керек» дейтін.
Бөкейханұлы Әлихан пікірі: «Орта Азия болып (өзбек және басқалармен) бірігуге болмайды, оларда ескішілдік (консерватизм), діншілдік, дін жолында ұстағанынан айырылмаушылық (религиозный фанатизм) күшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет